Асқарәлі Амангелдіұлы Абенов
Асқарәлі Амангелдіұлы Абенов, 1977 жылы 5 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, М.И. Калинин атындағы ауылда дүниеге келген. 1984-1994 жылдар аралығында осы ауылдағы В.И. Ленин атындағы қазақ орта мектебінде оқып, үздік аттестатпен аяқтады.
1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы халықаралыққазақ-түрік университетіне түсіп, осы университетті 1998 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер біліктілігін алды.
1999 жылы ақпан айында Таразқаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетіне оқытушы ретінде қабылданды. 1999-2006 жылдар аралығында аталған университетте оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2006 жылғы қаңтар айында Университеттің заң кеңесшісі қызметіне қабылданып, 2006-2008 жылдар аралығында осы қызметті атқарды. 2008 жылы қыркүйек айынан бастап қайтадан аға оқытушылық қызметке ауысып, ол қызметті 2012 жылға дейін атқарды. Тараз мемлекеттік университетінде қызмет ете жүріп, 2007-2009 жылдар аралығында осы университетте магистратура бағдарламасы бойынша оқып, 2009 жылы «Құқық магистрі» дәрежесіне ие болды.
2012 жылы қыркүйек айында «ҚазТрансГаз» Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заң бөлімінің маманы ретінде жұмысқа қабылданып, ал 2014 жылы осы ұйымның заң бөлімінің басшысы қызметіне ауысып, ол қызметті 2015 жылғы қаңтарға дейін атқарды. 2015 жылы наурыз айында конкурс арқылы Жамбыл облысының Шу қаласында орналасқан «Тараз Химиялық Паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас маманы ретінде жұмысқа қабылданып, 2017 жылдың қыркүйек айына дейін аталған қызметті атқарды. 2017 жылы қыркүйекте М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-не аға оқытушы қызметіне қабылданды. 2018 жылы сәуір айында конкурс арқылы «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі қызметіне қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін аталған қызметті атқаруда.
Еңбек жолы барысында құқық және жоғары білім методикасы салалары бойынша бірқатар біліктілікті арттырулардан, тағылымдамадан өтті.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.