24
апрель
2020
Алдабергенов Думан Алдабергенович

1987-1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылының «Ленин» атындағы орта мектепте білім алды.
1998 жылы аталған орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Заң университетіне қабылданып, 2002 жылы толық бағамын бітіріп, аталған университеттің әскери кафедрасында оқыды.
Прокуратура органдарында 04.10.2002 жылдан бастап жұмыс атқарып келді. Атап айтқанда:
2002-2015 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі, Тараз қаласының прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы, Шу ауднаралық прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
21.08.2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы, Талас ауданы прокурорының орынбасары қызметінде жұмыс атқарып жатыр.
Қызметтік міндеттерін сапалы әрі үлгілі орындағаны үшін Бас Прокурордың, облыс прокурорының бұйрықтарымен бірнеше мәрте марапатталған. «Прокуратура үздігі» 1-ші дәрежелі кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Жамбыл облысы прокуратурасына 80 жыл» мерекелік және IІ ,ІII дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдарымен марапатталған.
Сарысу, Шу, Жуалы, Талас ауданы әкімдерінің және Жуалы аудандық маслихатының құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жанұялы, 2 бала тәрбиелуде.