14
март
2020
Исабаев Руслан Амангельдиевич

Исабаев Руслан Амангельдиевич 29 Наурыз, 1983 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келді.
1989 - 2000 ж.ж. Жайылма ауылындағы, Әйтеке би (бұрынғы В.И. Ленин) атындағы орта мектепте оқыды.
2000 - 2002 ж.ж. Алматы облысы, Талғар қаласындағы Мәсімхан Бейсебаев атындағы " Агробизнес және менеджмент" колледжінің " Кеден ісі" мамандығы бойынша Үздік аяқтады.
2002 - 2005 ж.ж. Алматы облысы, Қапшағай қаласында Әуе - десанттық әскерінде ( Воздушно - десантные войска) әскерде болды. Мерген және рота сержанты.
2006 - 2008 ж.ж. ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтын толық бітіріп шықты.
2007 - 2012 ж.ж. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін " Кедендік ісі" бойынша оқып бітірді.
2006 - 2017 ж.ж. Алматы облысы, Еркін ауылы " Ай - Абылай " мешітінде бей - ресми Найб Имам.
2012 - 2017 ж.ж. Алматы қаласы, TOO TURKUAZ MACHINERY" фирмасында Логистик маманы болып жұмыс атқарды.
2017 жылдан бері Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы " Жаңалық" мешітінің Бас Имамы.
2017 жылы Нұр - Мүбарак Египет Ислам Институтына "Исламтану" факультетіне оқуға қабылданды. Қазіргі таңда 3 курс студенті.
2018 жылы "Алматы облысының дін істер басқармасы мемлекеттік мекемесі " Діни экстремизм мен терроризм мәселелерін алдын алуға бағытталған имамдарды оқыту бойынша ұйымдастырушылық - тәжірибелік іс - шаралар жоспары аясында уш күндік оқыту семинар тренингін нәтижелі аяқтағанын куәландыратын " Сертификат табысталды.
2018 жылы "Үш ақ нәрсе адамның қасиет - ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек" атты Абайтанушы ғалымдардың дәріс - сұқбатына қатысқаны үшін сертификат табысталды.
2019 жылы Еліміздің өркендеуіне Н.Ә.Назарбаевтың сандарлы саясатын жүзеге асыруға қосқан және Жаңалық ауылының өсіп - өркендеуіне қосқан азаматтық үлесі үшін Қайнар ауылдық округының әкімі Алғыс хатпен марапаттады.