24
апрель
2020
Алдабергенов Думан Алдабергенович

1987-1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылының «Ленин» атындағы орта мектепте білім алған.
1998 жылы аталған орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясына (ҚазМЗА) қабылданып, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша және аталған академияның әскери кафедрасын бітірген.
Прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс атқарып келді. Атап айтқанда:
2002-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі, Тараз қаласының прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Жамбыл облысы, Сарысу, Шу, Жуалы, Талас аудан прокурорларының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы, Сарысу ауданының прокуроры қызметін атқаруда.
Қызметтік міндеттерін сапалы әрі үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының, облыс прокурорының бұйрықтарымен бірнеше мәрте марапатталған. «Прокуратура үздігі» 1-ші дәрежелі кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл», «Жамбыл облысы прокуратурасына 80 жыл» мерекелік, IІ ,ІII дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін, Бауыржан Момышұлының “Батыр Шапағаты, Қазақстан Республикасының “Қарулы күштеріне 25 жыл”медалдарымен және “Жамбыл облысына, Талас және Сарысу аудандарына сіңірген еңбегі үшін” белгілерімен марапатталған.
Жанұялы, 2 бала тәрбиелуде.