Қали Қошқарұлы СӘРСЕНБАЙ » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2020

Қали Қошқарұлы СӘРСЕНБАЙ


Қали Қошқарұлы СӘРСЕНБАЙ 1959 жылы 22-наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектептi бiтiрiп, осы жылы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, оны 1981 жылы журналист мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. 
  Еңбек жолын «Лениншiл жас» газетiнде (қазiргi «Жас Алаш») корректор болып бастап, осы басылымда 1987 жылға дейiн тiлшi, аға тiлшi болып iстедi. 1987-1988 жылға дейiн «Өркен – Горизонт» газетiнде жауапты хатшы, 1988 жылдан «Жетiсу» газетiнде жауапты хатшының орынбасары болды. 1990-1995 жылдар аралығында «Егемен Қазақстанда» тiлшi, аға тiлшi, бөлiм бастығы қызметiн атқарды. 1995-1997 жылдары «Парасат» журналы Бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылға дейiн «Жас Алаш» газетi Бас редакторының бiрiншi орынбасары болып еңбек еттi.
  2005 жылдың 23-ақпанынан бастап «Алматы Ақшамы» газетiнiң Бас редакторы.
  Президент сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткерi, «Құрмет» орденiнiң иегерi, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
  «Өнер-өмiр», «Сендердi сағынғанда»  атты кiтаптардың авторы. Екi ұл, екi қызы бар. Жұбайы Таңсұлу Мирманова халықаралық «Түркiстан» газетiнде қызмет iстейдi.