11
май
2020
Пернебай Дүйсенбин

Ол 1969 жылы туған ауылы Жайылмаға оралып, Ленин атындағы орта мектепке жұмысқа орналасты. 1969-1973 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті, сурет пәндерінің мұғалімі болды. 1973-1987 жылдары мектеп директорының орынбасары, 1987-1993 жылдары мектеп директоры болды. 1993-1997 жылдары мектеп психологы болып жұмыс істеді. Жазушы 1997-1998 жылдары газет тілшісі, 1998-2004 жылдары «Қаратау кеншісі – Горняк Каратау» газетінің редакторы және ақпарат бюросының бастығы, 2004-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
Жазушы 1997-1998 жылдары газет тілшісі, 1998-2004 жылдары «Қаратау кеншісі – Горняк Каратау» газетінің редакторы және ақпарат бюросының бастығы, 2004-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
П.Дүйсенбин 1979 жылы «Жұлдыздар неге жылайды?» деген лирикалық повесі «Жалын» журналында жарияланды. 1990 жылы КСРО, 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Жұмбақ жұлдыз», «Кішкентай генералдар», «Ән салыңызшы, Әке», «Елгезек ертегілер елінде», «Тектінің тұяғы еді» атты кітаптардың авторы. 2003 жылы тарихи – танымдық «Шежірелі Сарысу», 2007 жылы «Үркердей болып көшкен жұрт...», 2008 жылы «Сарысунама» атты тарихи деректік томдарын шығарды. Ол Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен республикалық «Жалын» баспасы бірлесіп өткізген жабық бәйгесінің 1979,1980,1981,1986 жылдардағы лауреаты. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 2013 жылы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің II жүлдесін, Жамбыл облыстық «Үздік журналист» конкурсының І жүлдесін иеленді. 2015 жылы «Есен-сау жүріңізші, асыл Ата» атты повесіне Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас жүлдесі (Гран-при) берілді.
Ол Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен республикалық «Жалын» баспасы бірлесіп өткізген жабық бәйгесінің 1979,1980,1981,1986 жылдардағы лауреаты. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 2013 жылы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің II жүлдесін, Жамбыл облыстық «Үздік журналист» конкурсының І жүлдесін иеленді. 2015 жылы «Есен-сау жүріңізші, асыл Ата» атты повесіне Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас жүлдесі (Гран-при) берілді.
П.Дүйсенбин 1965 жылы «Жеңістің ХХ жылдығы» жауынгерлік мерекелік медальмен, Чехословакия армиясының «Красный вояк» жауынгерлік төсбелігісімен, ұстаздық қызметі үшін 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2001 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Мәслихаттың XX жылдығы», 2016 жылы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы", 2018 жылы "Астананың 20 жылдығы", "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін", "Сарысу ауданына - 90 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.
2007 жылы тарихи-танымдық, деректік, шежірелік, әдеби «Үркердей болып көшкен жұрт» атты үлкен кітабы жарық көрді. 2008 жылы тарихи, танымдық, деректік «Сарысунама» көлемді еңбегі жарияланды. Сол жылы «Шежірелі Сарысу» деректі фильмін дайындап, оның авторы әрі продюссері болды. Сарысу ауданының гербісінің авторы. 2018 жылы Сарысу ауданының 90 жылдығына арналған деректі фильмді дайындады.
Пернебай Дүйсенбин 1999-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының екі мәрте депутаты болып сайланған. Сарысу ауданының Құрметті азаматы (2001ж).