08
май
2020
Ардақ Бекмұратқызы Исатаева

Ардақ Бекмұратқызы [[1976 жыл]]ы [[2 желтоқсан]]да [[Жамбыл облысы]] [[Сарысу ауданы]] Калинин ауылында дүниеге келген.
* 1983 - 1993 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте оқыған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде аудандық, облыстық концерттерге қатысып, көзге түскен. К.Әзірбаев атындағы облыстық байқауда 3-орын иеленген.
* [[1993]] - [[1998]] жылдары [[Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы]]ның «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері [[Бекболат Қанайұлы Тілеухан|Бекболат Тілеухан]]нан дәріс алған.
* [[1997 жыл]]ы [[Президент оркестрі|Қазақстан Республикасы Ұлан гвардиясы жанынан құрылған президент оркестрінің жеке әншісі]]
* [[1998]] - [[2005]] жылдары [[Гүлдер (ансамбль)|Гүлдер ансамбльі]]нің солисті
* [[2000 жыл]]дан [[Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы]]ның «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша дәріс береді. Көптеген шәкірттер дайындаған, шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері.
- 1998 - Қарағанды қаласында өткен Ж. Елебеков атындағы 1-ші Республикалық байқаудың лауреаты (1-орын)
- 2000 - Қырғызстан Республикасының «Ош» қаласында өткен халықаралық дәстүрлі әншілер байқауының Бас жүлдегері
- Көптеген шет елдерде өнер көрсеткен: АҚШ - ( Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Хьюстон, Санта-Барбара, Чикаго, Рочестер), Канада, Испания, Италия, Швейцария –(Анзера), Франция- (Париж), Қытай- (Пекин, Шанхай), Гонконг, Сингапур, Үндістан-( Дели, Агра, Хайдарабат, Бамбей), Түркия –(Стамбул, Анкара, Газиантэп), Корея –(Сеул), БАӘ- (Абудаби), ТМД елдері.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы.
- 2008 - Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері атағының иегері.
- 2015 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы.