Абенов Амирали Амангельдиевич
Абенов Амирали Амангельдиевич 1970 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келді.
1977 жылы Ленин (Казіргі Әйтеке би) атындағы орта мектепке 1 сыныпқа барып, аталған білім ордасын 1987 жылы бітіріп шықты.
Білімі жоғары: Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және география пәнінің мұғалімі және Тараз иновациялы-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы 1987 жылы Калинин атындағы совхозда құрлысшы болып бастады.
1988-1990 жылдар аралығында әскер қатарында болды.
1991 жылдың қаңтар айынан шілде айы аралығында Саудакен ауылындағы кәсіптік техникалық училишесінде жүргізуші курсын оқыды.
1991-93 жылдар аралығында Әйтеке би атындағы орта мектепте директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары.
1993-1998 Калинин атындағы совхозда есепші.
1999-2008 жылдар аралығында Әйтеке би атындағы орта мектепте нұсқаушы, география пәнінің мұғалімі, директордың өндірістік жөніндегі, бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2008-2012 жылдар ішінде Жайылма ауылдық аймақ әкімі аппарытының бас маманы.
2012-2013 жылдарда Сарысу ауданы мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 жылдар ішінде Жайылма ауылдық округ әкімі;
2016 жылдың сәуір айынан Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, жанұяда 2 қыз 3 ұл тәрбиелеп отыр.