Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы
Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы –1984 жылы туылған. Ұлты – қазақ. Туған жері: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы. Әйтеке би атындағы орта мектебінің түлегі. Білімі – жоғары, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (ҚазҰАУ) 2009 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша бакалавриатты, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы бойынша 2011 жылы магистратураны және 2015 жылы PhD-докторантураны бітірген. ҚР БжҒМ БжҒССБК 2016 жылдың 06 мамырындағы №437 шешімімен«Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесі берілген.
Жалпы жұмыс тәжірибесі 22 жыл, оның ішінде – 11 жылы ғылыми-педагогикалық.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998-2003 жж. Жамбыл облысының «Жаңа жол-2» ӨК-нде егістік бригадасының жұмысшысы болды.
2003-2005 жж. Жамбыл облысының «Жайылма» ауылдық клубында қарауыл болып жұмыс істеді.
2005-2009 жж. ҚазҰАУ студенті болды.
2009-2011 жж. Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ (ҚазККШҒЗИ) кіші ғылыми қызметкері болды.
2011-2012 жж. ҚазҰАУ «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасының ассистенті болды.
2012-2016 жж. ҚазККШҒЗИ ғылыми қызметкері болды.
2016-2017 жж. ҚазККШҒЗИ ғылыми қызметкері, менеджер-сарапшы және коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі қызметтерін қоса атқарды.
2017-2018 жж. ҚазККШҒЗИ Сараптау, консалтинг және коммерциаландыру бөлімінің меңгерушісі болып, осы уақытта ҚазҰАУ «Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедарсының ассистенті болып қоса жұмыс атқарды.
2018 жылдыңшілдесі мен қыркүйегі ҚазҰАУ «Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарды.
2018 жылдық қырүйегінен 2019 жылдың ақпаны аралығында «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары қызметінде болды.
2019 жылдың наурызы мен шілдесі аралығында «Dala Impex» ЖШС директорының орынбасары болды.
2019 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында «MCC Trade Company» ЖШС-нде сапа бойынша агроном болып жұмыс істеді.
«Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедрасында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ассистент, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап аға оқытушы болып қызмет атқарады.
2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҰАҒББО» КЕАҚ «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма Төрағасы.
Болгария Республикасында (2013-2014 жж.) және Өзбекстан Республикаларында (2017 ж.) ғылыми тағылымдамадан, Италияда ауыл шаруашылығы бойынша твиннинг тен өтте (2019 ж.). Сондай-ақ, түрлі халықаралық ұйымдардың курстарын тәмамдады (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO); BMEL және «ҰАҒББО» КЕАҚ қолдауымен Герман-Қазақстандық аграрлық-саяси диалог; Италияның Милан қаласы FORMAPER агенттігі; WVC-AVRDC және ICARDA; БҰҰ оқыту және ғылыми-зерттеу институты (UNITAR) және т.б.).
4 ҒБҚ және 5 ГҚ жобаларанда орындаушы ретінде қатысты. 50-ге жуық ғылыми еңбектердің, оның ішінде Scopus и Web of Science базаларына кіретін мақалалардың, 1 монография, 5 ұсыныстар, 2 ҚР патентінің авторы (соавторы). Оның жетекшілігімен 2 магистр қорғап шықты, қазіргі уақытта ҚазҰАУ-дың 1 магистранты 1 PhD докторантының ғылыми жетекшісі.
2010 жылдан бастап отбасылы,ұлы мен 2 қызы бар.