«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-кеңес есебі » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-кеңес есебі
17
январь
2020

«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-кеңес есебі

«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-кеңес есебі

Қаңтар айының 11-і күні Әйтеке би атындағы орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Икежанованың ұйымдастыруымен «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңестің мақсаты:

-Оқушылардың ОЖСБ-ға дайындық сапасын арттыру және оқушыларды оқытуда мұғалім жұмысының жүйесін өңдеу

Міндеттері :
- Тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану;
- Педагог қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже : Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі, әдістемелік көмектер алады.

Семинар –кеңеске барлығы аудан мектептерінен 46 мұғалім қатысты. Семинар –кеңестің алдында мұғалімдер пән мұғалімдерінің дайындаған көрмесімен танысып, озат іс-тәжірибелер таратылды.
Семинар –кеңестің ашылуында мектеп директоры Қ.Назарбаев пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Кенжалиев кіріспе сөз сөйлеп, семинар-кеңестің жақсы өтуіне сәттілік тіледі. Одан әрі «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Икежанова баяндама оқыды. Баяндамада ОЖСБ –ға дайындау барысында қажетті нормативтік құжаттармен, ОЖСБ-ның өткізілу тәртібімен, ОЖСБ-ға дайындық барысында атқарылатын жұмыстардың жылдық жоспарымен, байқау сынама тесттерінің талдауларымен, анықтама үлгілерімен, сондай ақ ата-аналар жиналысының хаттамаларымен таныстырып шықты. Жалпы ОЖСБ-ға дайындық барысында атқарылған жұмыстары жинақталған портфолио үлгісімен таныстырып шықты. Одан әрі қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Суюмбаева «Қазақ тілі пәнінен ОЖСБ-ға сапалы дайындауда қолданылатын тиімді әдіс -тәсілдер» тақырыбымен шеберлік сынып жүргізді. Шеберлік сынып барысында ОЖСБ-ға дайындау кезінде қолданатын көптеген тиімді белсенді оқу әдістерін көрсете білді. Топтық жұмыстың үлгілері мен берілетін тапсырмалардың үлгілерін көрсетті. Мұғалімдерге берілген тапсырмаларға дескрипторлар құрғызды. Кері байланысты беру үлгілерімен таныстырды. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Тоқмейлова «Теңізге саяхат» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізіп, мұғалімдерді бір сергітіп тастады. Арнайы видеоролик көрсетіліп, мұғалімдер арасында жағымды қарым –қатынас орната білді. Жақын арада даму аймағын қалыптастыра білді. Сонымен қатар физика пәнінің мұғалімі Ж.Рахымжанова «ОЖСБ-ға дайындауда оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбымен баяндама оқыды. ОЖСБ-ға дайындық барысында оқушыларға қолданатын әдіс –тәсілдерімен, функционалды сауаттылық тапсырмаларымен таныстыра білді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Омиртаева «ОЖСБ-ға дайындық барысында сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбымен тәжірибелік жұмыс жасады. Сынып жетекшісінің міндетімен, атқаратын жұмыстарымен, нормативтік құжаттарымен таныстырып өтті. Соңында сергіту сәті есебінде «Полиглот» сыныптан тыс жұмысын көрсетті. Мұғалімдер өте белсенділік танытып, берілген тапсырманы өте тамаша орындап шықты.
Семинар-кеңестің соңында оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Икежанова «Тілек беті» кері байланысын жазғызып, «Жетістік ағашы» кері байланысын жасатты, семинар –кеңесті қорытындылады. Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар тыңдалған баяндамалар, шеберлік сынып негізінде тәжірибе алмасты. Семинарда көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды, мұғалімдер көптеген әдістемелік көмектер алды.

«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен  аудандық  семинар-кеңес  есебі
«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен  аудандық  семинар-кеңес  есебі
«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен  аудандық  семинар-кеңес  есебі
«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен  аудандық  семинар-кеңес  есебі
«Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткен  аудандық  семинар-кеңес  есебі