ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2019

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

«Сандық білім беру ресурстарын білім беру жүйесінде қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен мектепішілік семинар-кеңес есебі


Желтоқсан айының 22-і күні Әйтеке би атындағы орта мектептің «МИФ» әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сандық білім беру ресурстарын білім беру жүйесінде қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.
Семинар мақсаты:
- Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және білім берудің үздік тәжірибесін кіріктіруге бағыттау

Міндеттері :
- Сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, сандық білім беру ресурстарын тәжірибеде қолдануды көрсету;
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже : Мұғалімдер тәжірибе алмасады, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімдерін кеңейтеді.
Семинар –кеңеске мектептегі 7 әдістемелік бірлестіктер бойынша 34 мұғалім қатысты. Семинардың өтілу барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Икежанова семинардың мақсат-міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен таныстырып, алғысөз сөйледі. Информатика пәнінің мұғалімі А.Базилова «Сандық білім беру ресурстарын білім беру жүйесінде қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама әртүрлі сайттармен жұмыс жасау жүйесі жайлы, «Күнделік» электронды журналды толтыру жайлы, «BILIM LAND» порталының ерекшеліктері жайлы айтып өтіп, сабақта қолданудың жолдары мен тиімділігін көрсетті. Математика пәнінің мұғалімі Е.Ильясов «Менің мінезім», «Сарқырама» психологиялық тренингтерін жасатып, мұғалімдер арасында жақын арада даму аймағын қалыптастыра білді. Физика пәнінің мұғалімі А.Буркитбаева «Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсетті. «TVIG» сандық білім беру ресурсын сабақта қолданудың әдіс –тәсілдерімен бөлісті. Ашық сабақта «Стоп -кадр», «Ыстық орындық», «Балық қаңқасы», «Миға шабуыл», «Пилот -Штурман» әдістерін көрсетіп, тапсырма үлгілерімен, дескрипторлармен таныстырды. Бағалау әдістеріне тоқталып өтті. Математика пәнінің мұғалімі Г.Мұстафаева «Жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсетті. Сабақтағы оқушыларды топқа бөлу әдісімен, топпен жұмыстың қалай жүзеге асатынын, топтардың бағалауды жүзеге асыратынын, сабақта «BILIM LAND» сандық білім беру ресурсын қалай қолданатынын көрсетті. «BILIM LAND» порталындағы тапсырма үлгілерін көрсетті.

Анықтаманы дайындаған
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Икежанова

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР