18
февраль
2019
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЛАР
Қыркүйек айының 29-ы күні Әйтеке би атындағы орта мектебінің «Бастау» әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сабақта критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.
Семинар мақсаты:
Сабақта критериалды бағалауды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.
Міндеттері :
- Сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету;
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже : Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі
Семинарға мектептегі 7 әдістемелік бірлестіктер бойынша 31 мұғалім қатысты. Семинар -кеңес басталмай тұрып, «Озат тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбымен бастауыш сынып пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде озат мұғалімдердің үздік ашық сабақтары, баяндамалары, жинақ папкалары, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша папкалары, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкалары қойылды.
Семинар- кеңесті мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Икежанова ашып, бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы айтып өтті. Семинар -кеңесте баяндама оқитын мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Бастауыш сынып мұғалімі Стаханова Сандуғаш «Сабақта критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары» тақырыбымен баяндама оқыды. Алдымен кіріспе сұрақтары ретінде бірнеше сұрақтар қойып, талдау жасатты. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы, критериалды бағалаудың басты ерекшелігі, функцияларына, қолданылуы, критериалды оқытудың маңыздылығы және пайдасы , критериалды бағалаудың мұғалімге, оқушыға тиімді жақтарына кеңінен тоқталып айтып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Абилдаева Мейрамкүл «Бб дыбысы мен әрпі» атты ашық сабағының үлгісін көрсетті. Сыныпты топқа бөлу әдісі, үй тапсырмасын «Суреттер» әдісі арқылы қорытындылау, сабақта бейне материалды қалай қолдану керек, топтарға тапсырмаларды қалай беру керектігіне тоқталып өтті. Қалыптастырушы бағалау мен дескрипторларға жеке тоқталып, оқушыларды бағалау мен кері байланыс жасау түрлерін, қысқа мерзімді жоспарды жазу үлгісін көрсетті.
Семинар –кеңестің өткізілу барысында бастауыш сынып мұғалімі Бөгенбаева Айжан «Табиғат мінезі» атты психологиялық тренинг жасатты. Бұл тренингтің мақсаты әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Осы тренинг арқылы мұғалімдер сергіту сәтін жасады. Және сергіту сәті есебінде «Ойнайық та, ойлайық» логикалық сұрақтарды қойып, мұғалімдерді бір серпілтті.
Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар тыңдалған баяндамалар негізінде тәжірибе алмасты. Семинарда көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды
Анықтаманы дайындаған
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Икежанова