МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2019

МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Қазан айының 20-ы күні Әйтеке би атындағы орта мектебінің «Жерұйық» әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» тақырыбында мектепішілік коучинг өткізілді.

Коучинг мақсаты:
- Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері :
- Сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету;
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже : Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, ой –қиялын дамыту арқылы ізденіске жетелейді.

Семинарға мектептегі 7 әдістемелік бірлестіктер бойынша 22 мұғалім қатысты. Семинар -кеңес басталмай тұрып, «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде суреттер, бүктеме қағаздар, жинақ папкалар қойылды. Коучингті мектептің бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Амзеева ашып, бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы айтып өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі Калдыбекова Нұргүл «Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» тақырыбымен баяндама оқыды. Сын тұрғысынан ойлау терминіне, оның теориялық негіздемесіне, сын тұрғысынан ойлау әдісінің ішкі құрылымына тоқталып өтті. Өз іс –тәжірибесінде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын «Топтау», «Түртіп алу», «Жұпта талқылау», «әлемді шарлау» сияқты белсенді стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыратынын айтып өтті. Сын тұрғысынан ойлау әдісінің оқушыға тиімді жақтарына тоқталды.
География пәнінің мұғалімі Елгелдиева Айгүл «Гидросфера» атты ашық сабағының үлгісін көрсетті. Сыныпты «Гүлмен тілек» топқа бөлу әдісін, үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы қорытындылау, сабақта бейне материалды қалай қолдану керектігін көрсетті. Топтарға «Гидросфераның адам өміріндегі ролі қандай ?» тапсырмасын беріп, топпен жұмыстың қалай жүзеге асатынын көрсетті. Қалыптастырушы бағалау мен дескрипторларға жеке тоқталып, оқушыларды бағалау мен кері байланыс жасау түрлерін көрсетті. Сабақта бірнеше әдіс –тәсілдердің түрлерін көрсетіп, өзара бағалау мен мұғалімнің бағалауы қалай жүзеге асатынын көрсетті.
Биология пәнінің мұғалімі Малдыбаева Асия «Сабақта қолданылатын жаңа әдіс -тәсілдер» тақырыбымен баяндама жасады.Сабақта әдістерді қолдану мақсатымен, әдіс түрлерімен таныстырып, бірнеше әдістерді өз сабағында қалай жүзеге асыратыны жайлы айтып өтті.
Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Коучингке қатысушылар тыңдалған баяндамалар негізінде тәжірибе алмасты. Коучингте көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды және «Тазалық жәшігі » әдісі бойынша кері байланыс жасалды.




Анықтаманы дайындаған
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Икежанова
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР