«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2019

«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел

Әйтеке би атындағы орта мектептің тәрбие және психологиялық қызмет орталықтарының ұйымдастыруымен «ӘКЕЛЕР БІЗДЕ ҚОНАҚТА» тақырыбындағы онкүндікте МДТ-11 сынып оқушыларының ішінде көп балалы отбасылардың әкелерімен «ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жүргізілген дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтар бойынша әкелер өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқиғалардың орын алуына интернет және әлеуметтік желілердің, ұялы телефондардың зиянды жақтарына тоқталды.

Тақырыбы: Әке асқар тау, биік шың
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
 Бала тәрбиесінде әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік беру.
 Мектеп оқушыларының түрлі келеңсіз оқиғаларға бой алдырмауларын қалыптастыруда әкелердің жауапкершіліктерін арттыру.
 Оқушыларды тәртіпті болуға, мектептің ережесін орындауға бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға, отбасында ата-ананың тәрбиесін дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу.
Әдісі: дөңгелек үстел
Берілген тапсырма: бала тәрбиесіндегі негізгі мәселелерді талқылау.


Кіріспе сөз: Психолог:
Саламатсыздар ма, әкелер! Сіздерді біздің мектебімізде көргенімізге өте қуаныштымыз. Сіздердің бүгінгі дөңгелек үстелге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет айтамыз.

І бөлім: «Әке» тақырыбында слайд шоу тамашалау.

Психолог: Әке...Осы сөзді айтсам,бір түрлі қанат біткендей,құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын.Арманға жетелеп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын. Нұрға бөленген мейірлі де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың-әке. Иә,әке-асқар тау,асқар шың.
Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді. Құшағына еніп көрші, ол құшақтан босағың келмейді.Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай. Осындай мейірімді, жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап, асқар белдерінен демеп асырып, сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп, алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді.Әке- әркімге де асқар тау, ана-өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала-жағасындағы балауса құрақ. Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі, балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.
Арнау: 7 сынып оқушысы Сатыбалдиева Салтанат

ІІ бөлім: Кел, сұхбаттасайық!
 Отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкелік міндетіңізді қалай атқарасыз? Осыған орай өз ойыңызды ортаға салыңыз?
 Отбасында балаларға көрсетілетін түрлі зорлық-зомбылықтарға көзқарасыңыз қандай? Жалпы отбасында балаларды қатыгездікпен жазалауға бола ма?
 Әке отбасындағы балалары үшін қандай үлгі-өнеге көрсетуі керек?
 Жасөспірімдер арасында орын алып отырған түрлі келеңсіз оқиғалар неліктен көбеюде? Оның алдын алуда ата-аналар, яғни әкелер қандай жұмыстар атқару керек деп ойлайсыз?
 Көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тәлім-тәрбиесіне байланысты іс-тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер?

ІІІ бөлім. Қорытынды:
Психолог: Керемет! Ой бөліскендеріңізге үлкен рахмет!
«Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады. Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып, баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше, күш, қозғалыс ойындарын таңдайды. Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған
Қорыта келе, ардакты әкелер, балалы болу – бақыт екенін естен шығармайық!
Балаларыңызға бакытты балалык шақ сыйлай біліп қана емес, өзіңіз де болашақта мақтан тұтуға лайық, үлгілі әке болыңыз деп тілеймін.
Ал нағыз өнегелі әке қандай болуы керек? Бала тәрбисінде әке араласу керек пе? Бұл сұраққа жауап өзіңізде! Олай, болса сау болыңыздар!
Ән: «Әкем-әнім» 6 сынып оқушысы Қуанышбек Гүлім
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел
«ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» атты дөңгелек үстел