"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2018

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"

Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің 2018 жылдың 09 қараша күнгі № 4035 шығыс хатына сәйкес, мектепте 2018 жылдың 12-23 қараша күндері аралығында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанына орай төмендегіше жұмыстар өткізілді.
10.11.2018. Мектептегі психологиялық қызмет орталығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шарасы тәрбие орталығымен бірлесіп жасалып, бекітілді.
12-23.11.2018. Мектеп оқушыларына, педагогикалық ұжымға, ата-аналарға «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу», «Мамандарға арналған жаднама», «Ата-аналар үшін жаднама», «Ата-ана болу керемет!», «Сенім телефоны, көмекті қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?», «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Хабарласыңыз!», «Көмектесеміз!», «Зорлық-зомбылыққа бірге төтеп берейік!» тақырыптарында жаднама, ақпараттық парақша, кітапшалар дайындау, тарату жұмыстары ұйымдастырылды.
13.11.2018. Мектептегі 8-11 сынып оқушыларымен келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылық жайлы не білеміз?» тақырыбында пікіралмасу, кездесу өткізілді. Онда оқушыларға зорлық-зомбылықтың зиянды жақтары мен қауіптілігі туралы педагогикалық-психологиялық тұрғыда түсініктер берілді. Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды.
14.11.2018. Мектептегі 5-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында флеш-моб ұйымдастырылды.
12-23.11.2018. Мектептегі психологиялық қызмет орталығы 5-7 сынып оқушыларына зорлық-зомбылық туралы түсінік беру мақсатында бейнелеу пәнінің мұғалімімен бірлесіп «Бақытты отбасы», «Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік» тақырыптарында суретшілер байқауын өткізу жоспарланып, оқушылардың салған суреттері жинақталды.
12-23.11.2018. Мектептің тәрбие орталығы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында үздік эссе байқауы өткізілді.
16.11.2018. Мектептегі 8-11 сынып оқушыларымен «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Өкпелеу және қорлаудан сақ балалар» тақырыбында оқушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруде Сарысу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторымен кездесу өткізілді. Онда оқушыларға өмірде кездесетін түрлі қауіп-қатерлерден сақтану, алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.
17.11.2018. Мектептегі 1-11 сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
19-22.11.2018. Мектептегі тәрбие орталығында мектепте құрылған «Ақсақалдар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі», «Аналар кеңесі» мүшелерін қатыстыру арқылы «Ұрпақтар арасындағы диалог» атты сұхбат, әңгімелесу алаңы ұйымдастырылды.
12-23.11.2018. МДТ-1 сынып ата-аналарымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық: балаға қалай көмектесуге болады?», 2-4 сынып ата-аналарымен «Әке және шешенің тәрбиелік маңызы», 5-6 сынып ата-аналарымен «Балаларға қатысты қатігездік нысандары және оның зардаптары», 7-8 сынып ата-аналарымен «Жазалау мен ынталандыру мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық мәдениеті», 9-11 сынып ата-аналарымен «Жасөспірімдерді шығармашылық қызметке қатыстыру әдістері» тақырыптарында Сарысу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторын қатыстыру арқылы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Іс-шара кезінді мектептегі психологиялық қызмет орталығында мектеп әлеуметтік педагогымен бірлесіп МДТ-11 сынып аралығындағы оқушыларға, ата-аналарға зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыстың алдын алу, болдырмау барысында топтық және жекелей кеңес беру, түзету-дамыту бағыттарында жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалардың психологиялық тексерілуін бақылау және ата-аналармен байланыс жасау жұмыстары жүргізіліп, психологиялық тренингтер өткізілді.
12-23.11.2018. Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» тақырыптарында рейдтер ұйымдастырылды. Нәтижесінде құқық бұзушылыққа, зорлық-зомбылыққа жол беру фактілері тіркелген жоқ.
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"