16
октябрь
2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» 1 сынып оқушылары
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына
психология-педагогикалық көмек
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына
психология-педагогикалық көмек
2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету мақсатында өткізілген РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА келген қонақтар мен ата аналарға Әйтеке би атындағы орта мектептің директоры Назарбаев Қанатбек Еркинбекович конференция мақсаттарын таныстырып, әрбір жиналыста тақырып аясында баяндама оқыды. Онда мектеп директоры біздің мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына орасан зор күштер мен құралдарды жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы өз сөздерінде қазақстандық өскелең ұрпақтардың жағымды жасампаз дүниетанымы қалыптасқан, берік адамгершілік қағидаларды ұстанатын, жауапкершілік сезімі бар, саналы таңдау жасай алатын және Отанымыздың игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты тұлғалар болып тәрбиеленуі тиіс екенін айтудан жалықпағанын, осы мақсатта біздер мен сіздер бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, үлкен азамт етіп тәрбиелеугі міндетті екенін айтып өтті.
1-11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай қыркүйек-қазан айларында өткізілген жиналыс барысында сөз алған мектеп педагог-психологы Икежанов Амангали Укибаевич бағдарлама бойынша беріліп отырған тақырыптарды жеке-жеке слайдтар арқылы ата-аналарға жан-жақты түсіндіріп отырды. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері, жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі, ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі, жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу бойынша берілетін кеңестер, іс-шаралар, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу мен мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу барысында әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндетін, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша психологиялық тұрғыда баяндап, ата-аналарға атқарылатын жұмыстарды талдап, психологиялық кеңестерге тоқталды.
Жүргізілген жиналыстардың соңында «Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?» тақырыбында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі өзіне-өзі талдау жасау жолдарын түсіндіру мақсатында арнайы кесте бойынша жұмыстар жасатты. Осыған орай бала тәрбиесінде ата-ана бойында қандай қасиеттер болу керектігін және қандай қасиеттерді дамыту керектігін психологиялық тұрғыда түсіндіре отырып, арнайы сауалнамалар алып, таратпалы материалдарды ата-аналарға үлестіріп берді.

көшіру