Түсенов Қанат » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2020

Түсенов Қанат


      Түсенов Қанат Жамбыл облысының, Сарысу ауданындағы Жайылма  ауылында дүниеге келген. 

Жасы небары 14-ке   толған. Он жасынан бастап   балалар  баспасөзінде,  республикалық басылымдарда  өлеңдері жарияланған.  2001 жылы Тараздағы  «Сенім»   баспасынан «Балапан жүрек бұлқынып» атты  тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Осы кітаптың  шығу құрметіне  «Ұлан» газеті бұл жинаққа бір  бетін тұтас арнаған болатын.  «Жас алаш»  газеті топ  өлеңдерін жариялады. Ел-жұрттан қуанып ,  сүйінші сұрады.  Бір үйде өскен он алты баланың  он екіншісі Қанат Түсенов ұлтымыздың  ұлы тұлғасы  Сәкен Сейфуллиннің  сенімді серігі, үзеңгілесі,  қоғам қайраткері Бәкен Серікбаевтың ұрпағы,  шөберелері болып келеді.   

         Жас ақынның жырлары газет басылымдарында жарық көре бастады.  Жас алаш газетіне «Қанатың талмасын Қанат»,  ұлан газетіне  «Өнер жастан» деген мақалада өлең-жырлары жарық көрді.  Балдәурен балалар газетінде «Тараз», «Көктем» деген  өлең жырлары шықты.

-1995 жылы алғаш В.И.Ленин атындағы орта мектепке 1-сыныпқа келді.

-Бастауыш сыныпты үздік бағамен аяқтады.

-1998  жылы мектепте “Балалық шақ жырлары” атты кітабын басып шығарған.

-2000 жылы балдаурен газетіне “Тараз” деген өлеңі жарық көрді.

-2001 жылы Тараз  қаласында “Сенім” баспасынан “Балапан жүрек бұлқынып” атты кітабы жарық көрді.

-2002 жылы “Қызғалдақ ғұмыр жырлары” атты кітабы шықты. 

-2001-2002 жылдары облыстық “Абай оқуларына” қатысып, Республикалық байқаудан ІІІ орынды иеленді.

- «Жүзден жүйрік» интеллектуалдық теле- ойынына қатысқан. 

- 2003-2004 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінен пән олимпиадасының ауданнан І орынды, облыстан алғыс хатпен марапатталған.

- 2004-2005 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудыннан І орын, облыстан ІІІ орынды иеленген.

- 2005-2006 оқу жылында математика пәнінен ауданнан І орынды иеленіп, облыстан алғыс хатпен марапатталған.

- 2006 жылы “Намыстың туын құлатпай”жыр жинағы жарыққа шықты.

- 2005-2006 оқу жылында мектепті “Алтын белгіге” бітірді. 

- Ұлттық Біріңғай тестте 120 сұрақтың 112-не жауап беріп, “Алтын белгіні” қорғап шықты.  

- Осы жылы Тараз қаласындағы Яссауй атындағы қазақ-түрік университетіне «Филология» факультетіне түсті.

- Екі жыл осы оқу орнында оқып, өмір ағымына қарай банктік қызметке ауысқысы келген Қанат кешенді тестілеуге қатысқан. Нәтижесінде  балл алып, Алматы қаласына Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне экономика саласына оқуға түскен.

 - Қазіргі таңда Алматы қаласында Банк “КМФ”, жетекші несие сарапшысы болып жұмыс істейді.

Отбасылы, бір ұлы бар.