Ашық сабақтар » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2017

Ашық сабақтар

Пәні : Информатика
Пән мұғалімі: Базилова А
Сыныбы: 8
Тақырыбы: «Модель және модельдеу» 
Мақсаты:
Білімділік Оқушылардың модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы алған білімдерін тексеру, өткен тақырыптарын қайталау.
Дамытушылық:Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, ойлау,қиялдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Мультимедиалық құрылғылар (компьютер, интерактивті тақта) бейнеролик, электрондық білім ресурстары, флипчарттар, суреттер, стикер, постер,жолдама. 
Сабақтың түрі:аралас сабақ 
Сабақтың типі: қайталау
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, физика, сызу
Сабақтың әдісі:диалог, ой толғау, «мозайка» әдісі, кері байланыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар,ұстаздар,қонақтар.Бізде бүгін ерекше сабақ.Ал,балалар,менің алдымдағы қима қағаздарды таратып алып, құрастырып көріңіздер. Сол бойынша топқа бөлініп отырайық. 
1 – топ: Ауди
2 – топ: Мерседес
Бізге Астана қаласынан поштамызға хат келіпті.«Астана қаласына келіңіздер, онда сіздерді ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты жоспары күтіп тұр». ЕХРО-2017 әлеміне саяхат жасауымыз үшін бізге жасырын бейне және бірнеше турдан тұратын тапсырмалар берілген. 
«Таныстыру» турынан бастап жасырын бейненің әр бөліктері кезең-кезеңімен ашылып отырады. Сабақ соңында, яғни, V турдың тапсырмасын орындаған соң бейнені толықтай көруге мүмкіндігіміз болады. Сонымен бірге, «Экспо-2017» көрмесіне жасаған модельдерімізді апаруға жолдама аламыз.
Модель және модельдеу жайында қысқаша тоқталып кетейін. 
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

І тур: Таныстыру (2 минут) - әр топ өздеріне топбасшы сайлап алады, топбасшысы орнынан тұрып топтарын таныстырып өтеді. (Тақтада екі топтың таныстыруы шығып тұрады.Топбасшысына бағалау парақшасы таратылады).
1 – топ: Ауди(модель туралы сөйлейді)
Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын
Ашамыз сонда түбінде,
Модельдердің қақпасын.

2 – топ: Мерседес( модельдеу туралы сөйлейді)
Модель десе құстай ұшып самғаймыз,
Көп елдің арасын біз жалғаймыз.
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,
Біз мерседес тобы осы лектен қалмаймыз.

Команданы таныстыру арқылы бейненің басты бөлігі құралады. Әр турдың тапсырмасынан соң бейненің бөліктері интерактивті тақтадан көрсетіліп отырады. 
ІІ тур: Қолөнер (5 минут) – бұл турда екі топ үйден жасап келген модельдерін таныстырады.
ІІІ тур: Кімнің ойы ұшқыр? (2 мин) – бұл турда 2 топқа тапсырмалар жасырамыз. Тапсырмалар интерактивті тақтада бейнеленіп тұрады, жауаптарын оқушылар тақтаға бір-бірден шығып жазады. 
ІІІ тур аяқталған соң тақтаға бейненің жоғарғы бөлігі тіркеліп, суреті шығып тұрады.
IV тур: Модельдеу ғажайыптары (6 минут) – бұл турда екі топ бейнероликке қарап макет жасайды.
V тур: Болашаққа көзқарас,«Экспо-2017» постермен жұмыс (5 минут).Әр топ өз жұмыстарын қорғайдыИнтерактивті тақтадағы бейне толық көрініс табады.
Қорытынды:-бұл ненің бейнесі?
-бүгінгі сабақ және бәйтерек арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?

Бағалау (2 минут) Әр топбасшысы өз бағалауын хабарлайды.Әр топбасшысына «ЭКСПО-2017» көрмесіне жолдама тапсырылады.
Рефлексия (1 минут)



Ашық сабақтар жинағы