18
февраль
2019
МЕКТЕПТЕГІ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2019" БАЙҚАУЫ
Қаңтар айының 25-26-ы күндері Әйтеке би атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Икежанованың ұйымдастыруымен «Best педагог -2019» тақырыбында мектепішілік байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері : Ғылыми-әдістемелік жұмысты, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды игерген, жаңашыл, шығармашыл жан-жақты дамыған педагогтарды анықтау;
Білім беру жүйесінің көкейкесті мәселелерін шешудің әдістерін анықтау, жаңа педагогикалық бастамаларды, Қазақстан мектептерін дамытудың жаңа бағдарламаларын іздеу;
Қазақстанды әлемдік білім беру аймағына кіріктіру бағытындағы тапсырманы өз бетімен орындай алатын білікті, бағдарлы және деңгейлі дайындығы бар педагогтарды мектеп көлемінде анықтау;
Ұстаздың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдау және ынталандыру;
Мұғалімдік кәсіптің беделін арттыру мен шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасын туғызатын нәтижеге бағытталған оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың тиімді технологиялары мен әдістерін іздестіру;
Білім беру жүйесінде еңбек етіп жатқан табысты, білікті, бағдарлы және деңгейлі дайындығы бар педагогтарды мектеп көлемінде іс-тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылып өткізіледі.
Байқауға қатысушы мұғалімдер:
1. Аханова Алма - ағылшын пәнінің мұғалімі;
2. Ильясов Ернар – математика пәнінің мұғалімі;
3. Асанов Тасболат – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
4. Есжанова Толганай – география пәнінің мұғалімі;
5. Суюмбаева Салтанат -қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
6. Ибраева Ляззат – бастауыш сынып мұғалімі;
7. Абдимажитова Рая – технология пәнінің мұғалімі;
8. Аткоов Медет -тарих пәнінің мұғалімі;
9. Молдабаева Каламкас -орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Байқаудың қазылар алқасы :
1. А. Икежанова – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, төрайымы;
2. М.Оспанова – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі;
3. А.Буркитбаева – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі
Байқауға мектептегі 9 әдістемелік бірлестік бойынша 9 мұғалім қатысты. Байқауды мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Икежанова ашып, байқаудың мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы айтып өтті. Сондай -ақ байқау кезеңдері мен қорытындылау ережесімен таныстырып өтті.
Бірінші кезең «Пән бойынша тест тапсырмасы» кезеңі. Бұл кезеңде пән мұғалімдері өз пәндері бойынша 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 40 минут уақыт ішінде орындап шықты. Нәтижесінде:
1. Аханова Алма - ағылшын пәнінің мұғалімі -23 ұпай;
2. Ильясов Ернар – математика пәнінің мұғалімі -24 ұпай;
3. Асанов Тасболат – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі -бір орыннан ұзындыққа секіру -1,75, тартылу -12, 100 м жүгіру -14,35, граната лақтыру -32 м;
4. Есжанова Толганай – география пәнінің мұғалімі -23 ұпай;
5. Суюмбаева Салтанат -қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-28 ұпай;
6. Ибраева Ляззат – бастауыш сынып мұғалімі-17 ұпай;
7. Абдимажитова Рая – технология пәнінің мұғалімі -матадан, қағаздан, киізден жасалған түрлі бұйымдар, тоқыма заттар, бисермен тоқу жұмыстарынан көрме;
8. Аткоов Медет -тарих пәнінің мұғалімі-24 ұпай;
9. Молдабаева Каламкас -орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі -22 ұпай.
Екінші «Шығармашылық тақырыбын қорғау» кезеңінде пән мұғалімдері берілген 7 минут уақыт ішінде шығармашылық тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін, күтілетін нәтижесін, тақырыпты өз сабақтарында қолдануы жайлы айтып түсіндірді. Бұл кезеңде алынған тақырыптың мазмұнының тереңдігі, ғылымилығы, әдістемелік құндылықтарына, тақырыпты тәжірибе жүзінде қолдануына мән берілді. Атап айтқанда, С.Суюмбаева «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың жаңа технологиясы арқылы оқушылардың дарындылығын дамыту», Т.Есжанова «География сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы», М. Аткоов «Тарих сабағында тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту», К.Молдабаева «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», Л.Ибраева «Ойын арқылы балалардың тілін, сөздік қорын дамыту», Т.Асанов «Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау», А. Аханова «Ағылшын тілі пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру», Е. Ильясов «Informationтық-коммуникациялық технологияны математика сабағында тиімді қолдану», Р.Абдимажитова «Технология пәнінде ою-өрнектерді қолданудың тиімділігі» тақырыптарында шығармашылық жұмыстарын қорғады.
Үшінші «Ашық сабақ» кезеңінде пән мұғалімдері өздерінің шығармашылық тақырыптарына сәйкес ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда, С.Суюмбаева «Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизод», Т. Есжанова «Көлдер мен мұздықтар», М.Аткоов «Моңғол империясының құрылуы», К.Молдабаева «Наши верные помощники», Л.Ибраева «Әә дыбысы мен әрпі», Т.Асанов «Әр снарядтарды лақтыру», А. Аханова «Sport for all», Е.Ильясов «Тригонометриялық теңдеулерді шешу», Р.Абдимажитова «Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау» тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Teachersдің барлығы сабақтарында интерактивті тақтаны пайдаланып, презентация жасап өтті. Сабақтарында топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сұрақ -жауап, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, тірек -сызба әдісі сияқты әдістерді кеңінен қолданды. Оқушыны пәнге қызықтыратындай түрлі тапсырмалар мен ойындарды ойната білді. Сабақтарында кері байланыс жасатқызды.Сабақта қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен дескрипторлар жақсы көрініс тапты. Сабақта оқушыларды бағалау мен кері байланыстарды беру де жүзеге асты. «Білім ланд» сандық білім беру ресурсын сабақта қолданған мұғалімдер болды. Бірақ мұғалімдердің уақытты үнемдеуі кейде ескерілмеді, сабақта барлық оқушыны қамтыMay 2-3 оқушыдан тартылMay қалды.
Байқауға қатысушы пән мұғалімдері ізденімпаздық, жаңашылдық, іскерлік, шығармашылық, ғылымилық, әдістемелік сияқты қасиеттері бойынша жұмыстары сараланды. Қазылар алқасы жұмыстарды саралай келе қатысушы пән мұғалімдерін жүлделі орындармен марапаттады.
Бас жүлде – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Суюмбаеваға;
І орын – тарих пәнінің мұғалімі М.Аткоовқа, математика пәнінің мұғалімі Е.Ильясовқа;
ІІ орын – ағылшын пәнінің мұғалімі А.Ахановаға, орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Молдабаеваға, география пәнінің мұғалімі Т.Есжановаға;
ІІІ орын –бастауыш сынып мұғалімі Л.Ибраеваға, технология пәнінің мұғалімі Р.Абдимажитоваға, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т. Асановқа берілді.
Анықтаманы дайындаған мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары : А. Икежанова