МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
18
февраль
2019

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

«Білім берудегі модернизациялаудағы үштілділіктің маңызы» тақырыбында өткен мектепішілік семинар-кеңес есебі
Қараша айының 30-ы күні Әйтеке би атындағы орта мектептің «Лингвист» бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білім берудегі модернизациялаудағы үштілділіктің маңызы» тақырыбында мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.
Семинар мақсаты:
Ұстаздарды жаңашылдыққа, пәндерді кіріктіріп оқыту әдістерін тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой –қиялын арттыру.
Міндеттері :
- Тиімді әдіс - тәсілдерді тәжірибеде қолдану
- Өзара тәжірибе алмасу
Күтілетін нәтиже :Teachers тәжірибе алмасады
Семинарға мектептегі 7 әдістемелік бірлестіктер бойынша 22 мұғалім және мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Семинар- кеңесті мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Икежанова ашып, бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы айтып өтті.
Семинар –кеңестің алдында мұғалімдер пән мұғалімдерінің дайындаған көрмесімен танысып, озат іс-тәжірибелер таратылды. Одан әрі «Білім беруді модернизациялауда ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту» тақырыбымен ағылшын пәнінің мұғалімі Г.Омиртаева баяндама оқыды. Баяндамада CLIL әдісіне кеңінен тоқталып, оның жалпы мазмұнына, мақсатына, күтілетін нәтижесіне , жалпы пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясына кеңінен тоқталды. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдіснамасына шолу жасады. Одан әрі орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Коданова жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 8-сынып оқушыларымен «Волшебная копейка» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсетті. Сабақ барысында сөйлеу дағдысының деңгейлері атап айтқанда, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым деңгейлері қалай жүзеге асатындығын түрлі тапсырмалар мен әдістер арқылы көрсете білді. Сабақта топпен жұмыс әдісі, сұрақ-жауап, постер әдісін көрсетті. Сабақта бағалаудың әдістерін, кері байланыс берудің әдістерін көрсете білді. Семинар –кеңестің өтілу барысында ағылшын пәнінің мұғалімі А.Аханова «Полиглот» сыныптан тыс жұмысын жүргізіп, сергіту сәттерін жүзеге асырды. Онда мұғалімдерге жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жасырылды және үштілде мұғалімдер жауап берді.
Семинарды талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар тыңдалып болғаннан кейін мұғалімдер арасында пікірталас өтті. Teachers сұрақтарын ортаға тастап, сұрақтар өзара талқыға салынды. Кейбір мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар соңында кері байланыс жасалды. Өтілген іс-шаралар мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар тыңдалған баяндамалар негізінде тәжірибе алмасты. Семинарда көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды.

Анықтаманы дайындаған
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Икежанова