Қазтуған Сүйінішұлының 600 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтілген республикалық «Бабалар аманаты» атты жыр оқу байқауының жеңімпазы.
Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылдың 23 қыркүйек күнгі №1570 шығыс хатына cәйкес,«Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қоры жыраулардың ерлігі мен шешендігін өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып,санасына сіңіру арқылы өзінің төл тарихын білетін,құрметтейтін және мақтан ететін нағыз ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында жыраулар мектебінің белгілі өкілі Қазтуған Сүйінішұлының 600 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 10 қыркүйегінен 1 қарашасына дейінгі аралықта «Балалар аманаты» атты мектеп оқушыларына арналған республикалық онлайн байқауы өтілетінін мектеп сайтына хабарлама беріп, іс-шара жоспарын жасап,оқушылармен дайындық жұмыстары жүргізілді.
Осы аталған байқауға мектебіміздің 8 сынып оқушысы Сатыбалды Салтанат қатысып, үлкен додаға түсіп,нәтижесінде қазақ жыраулар поэзиясының белгілі өкілі Қазтуған Сүйінішұлының 600 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырған республикалық «Бабалар аманаты» атты жыр оқу байқауына қатысып
Республикалық ІІ жүлделі орынды иеленіп ДИПЛОМ алды. Сонымен қатар Сатыбалды Салтанатты үлкен жетістіктерге,жеңіске жету үшін аянбай еңбек етіп,шәкірт дайындап,оның шығармашылық,дамуына қолдау көрсете білгені үшін және ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал қызметіңіз бен еңбегіңіз үшін Сатыбалды Салтанатты байқауға дайындаған ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүйінбаева Салтанат апайы да АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.
Педагог ұйымдастырушы Сагиндикова Раушан

