«Коронавирустық инфекцияның» алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы
«Коронавирустық инфекцияның» алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы
Қазақстан Республикасы Бас мемлеккеттік санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 2020 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасында пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» №20-ПГИр қаулысына сәйкес мектеп оқушылары 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында каникулға ерте шықты. Мекте ішінде санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Күніне кемінде 3 рет ылғалды жинау жұмыстары, 2 сағат сайын адам жанасқан жерлерді дезинфекциялау, жиі желдету жұмыстары жүргізілуде сонымен қатар әжетханалар жиі тазартылып, дезинфекциялануда. Кіші қызметкерлерге мектеп мейіргері жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Дезинфекциялық препараттарды пайдалану ережесін түсіндіріп, КВИ-ның алдын алу шараларымен жіті таныстырды.





