12
October
2017
Өмірбаян
Өмірбаян
Назарбаев Қанатбек Еркінбекұлы 1965 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы,Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих және құқық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1989 жылы бітірген.1989 жылы Байқадам атындағы орта мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастаған.Аудандық комсомол комитетінде,облыстық комсомол камитетінде жауапты қызметтер атқарған.1992-1994 жылдар аралығында аудан әкімшілігінде бас маман,бөлім меңгерушісі болып істеген.1994-1997 жылдар аралығында аудандық мәслихаттың аға кеңесшісі,1997-2001 жылдар аралығында Досбол,Сарысу мектептерінде директор болып істеген.2001-2004 жылдар аралығында аудан әкімінің аппарат басшысы,Жаңатас қаласының әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.2004-2006 жылдар аралығында Жаңаталап орта мектебінде,2006-2016 жылдар аралығында Әйтеке би атындағы орта мектебінде директор болып қызмет атқарып жатыр.
2000 жылы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен,2013 жылы Жамбыл облысы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен,2014 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен,2016 жылы аудандық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.