Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мектепішілік «Поэзия әлемінде» атты байқауы
Әйтеке би атындағы орта мектептің «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 10 қыркүйек күнгі №1707 шығыс хатына сәйкес, М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай мектепішілік «Поэзия әлемінде» тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан мұғалімдер арасында байқау ұйымдастырылды. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мектепішілік «Поэзия әлемінде» атты байқауы 17 қыркүйек күні ережеге сәйкес өткізілді. Байқауға 6 үміткер қатысты. Атап айтатын болсақ,бастауыш сынып мұғалімі Стаханова Сандуғаш Құрманбекқызы,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүйінбаева Салтанат Төлеутайқызы,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баққараева Ботагөз Есенбайқызы,Аманжолова Шамшырақ Азаматқызы,тарих пәнінің мұғалімі Тоқмейлова Гульвира Нұрділдақызы,тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбекова Нұргүл Зұлхарнайқызы сынды мұғалімдеріміз ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп жүректен шығара отырып айтты. Байқауға қатысқан барлық үміткерлеріміз жүлделі орындарға ие болды. Мектепішілік өтілген байқаудың нәтижесінде І орын иеленген мұғаліміміз аудандық «Поэзия әлемінде» атты М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп айту байқауына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баққараева Ботагөз Есенбайқызы жолдама алды.




