Мектепте 2020 жылдың 27-қаңтар күні «Коронавирус – қауіпті ауру!»
Әйтеке би атындағы орта мектептің педагог-психологы А.Икежановтың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына «Коронавирус – қауіпті ауру!» тақырыбында топтық жұмыс өткізді. Өткізілген жұмысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Буркитбаева, мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Абилова, мектеп мейіргері А.Сүлейменова қатысты. Мектеп мейіргері тарапынан топтық жұмыс кезінде жұқпалы ауру туралы толық ақпарат пен аурудан сақтану жолдары туралы медициналық түсініктер берілді. Осыған орай мектеп