ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЙТЕКЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Айтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
01
March
2019

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

04-05 ақпан күндері жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда психопрофилақтикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында мектептегі 8-9 сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өткізілді. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын болдырмау барысында әңгімелесу, топтық кеңес беру ұйымдастырылды. Schoolchildren өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын болдырмауда төмендегі сұрақтар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу жүргізілді.
 Өмір деген не?. Өмірге деген көзқарасың қандай?
 Өзіңнің өміріңе, денсаулығыңа жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарау дегенді қалай түсінесің?
 Отбасы мүшелерінің сен үшін орны қандай?
 Отбасында көбіне өзіңе кімді жақын тұтасың?
 Мектептің сен үшін алар орны қандай?
 Алға қойған арман, мақсаттарыңа жету барысында не істеу керек?
 Адам бойындағы рухани-адамгершілік асыл қасиеттерге нелер жатады?
 Қиналған сәтте, өкпе-реніш кезінде кімнен көмек сұрайсың?
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылар өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне бой алдырмауға, өзіне-өзі сенімді болуға, өмірге сүйіспеншілікпен қарай алуға, өмір сүруге дұрыс бейімделуге, мазасыздану барысында өзін-өзі ұстай алуға үйренді.
06-13 ақпан күндері аралығында мектептегі 5-11 сыныптар бойынша оқушылардың бір-біріне көзқарастарын психологиялық тұрғыда дұрыс қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда психопрофилақтикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында «Баршаға бақыт тілейміз!» тақырыбында акция жүргізілді. Акция барысында мектеп оқушылары бір-біріне жылы тілектер айтып, мектепішілік психологиялық көңіл-кhouseсыйлауда әңгімелесулер, кездесулер, кеңес беру, алдын алу мен ағарту бағыттарында жұмыстар ұйымдастырылды.
14-15 ақпан күндері отбасы құндылықтарын түсіндіру және психологиялық бағыт-бағдар беру мен жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда психопрофилақтикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында 7-8 сынып оқушыларымен «Отбасым алтын діңгегім» тақырыбында, 9-11 сынып оқушыларымен «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында эссе жаздыру жұмыстары өткізілді. Нәтижесінде оқушылар өздерінің отбасындағы ата-аналарымен, бауырларымен қарым-қатынастарын, сыйластық, достық, түсіну, махаббат сыйлау сияқты асыл құндылықтарды жаза отырып, өз ойларын жоғарғы деңгейде көрсете білді.
15-16 ақпан күндері мектеп оқушыларының өмірге көзқарастарын психологиялық тұғыда дұрыс қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда психопрофилақтикалық жұмыстарды жетілдіру барысында 3-4 сынып оқушыларымен «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» тақырыбында, 5-6 сынып оқушыларымен «Ашу дұшпан, ақыл дос» тақырыбында жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық тренингтер өткізілді. Жүргізілген тренингтер қорытындысында берілген ойын-жаттығулар бойынша оқушылар ашуланудың түрлі жақтарын көрсетіп, ашудың жағымсыз қылық екендігін түсінді. Тренингтерге қатысқан оқушылар қатты ашу, ыза, өкпелеудің адам психикасының дұрыс қалыптасуына кері әсерлерін толық білді. Сонымен қатар бір-бірінің арасындағы қарым-қатынас жасаулары барысындағы жақсы көңіл-күйдің, жағымды мінез-құлықтың пайдаларын айтып, өзара ой бөлісіп, пікірлерін қалдырды.
18-23 ақпан күндері арасында «Мейірімді жүрек-жылы жүрек» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың іс-шарасы жасалып, атқарылған жұмыстар төмендегіше болды.
18 ақпан күні «Мейірімді жүрек-жылы жүрек» тақырыбындаға апталықтың ашылуы өткізілді. Онда 5-7 және 10 сынып оқушылары түрлі тақпақтар айтып, мейірімділік туралы пікірлері мен көріністерін мектеп оқушыларына жеткізді.
19 ақпан күні 5-11 сынып оқушыларына мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, мейірбандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында психологиялық әңгімелесу өткізіліп, топтық кеңес беру жұмысы жүргізілді. Онда оқушыларға төмендегі сұрақтар беріліп, ой-пікірлері психологиялық талданды.
 Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
 Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
20 ақпан күні 1-4 сынып оқушыларына жақсы қарым-қатынас пен мейірімділік жасау жолдарын үйрету барысында «Мейірімділікті-анадан үйрен» атты психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, топтық кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды. Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік ада쬬дар арасындағы сыйластық, кең пей¬ілділік, жанашырлық, ізгі ниет секіл¬ді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік ада쬬ның жоғары адамгершілік белгісі ре¬тінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шады¬ман тір¬шілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. «Мей¬ірім¬ділік махаббат, қайырымдылық, адал¬дық секілді ақ жүректен шығады». Қа¬зақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адам¬гер¬шілік, ізгілік пен ізет¬тілік, имандылық пен инабаттылық секіл¬ді асыл қасиет¬термен үндестік тапқан. Осыған орай «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығында да терең мағына бар. Мейірімділіктің шуағын ең бірінші анадан аламыз. Себебі бала үшін бәрін жиған, бала үшін бәрін қиған, адам ба¬ласына ой берген, сана берген, ақыл бер¬ген – ана. Баласын алтыным, асылым деп, аман бол¬сын деп күні-түні бала¬сы¬ның қамын ойла¬ған ана жүрегі не деген құдіретті, жаны неткен мейірімді. Ана – әлемдегі ең мейі¬рімді жан екендігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық тұрғыда түсініктер берілді.
21 ақпан күні 5-6 сынып оқушыларының өзіндік қарым-қатынастарын дамыту мен бойындағы жағымды қасиеттердің дұрыс қалыптасуын жүзеге асру мақсатында «Мейірімділік» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар мейірімділік жасаудың барысында мектептегі оқушылармен дұрыс қарым-қатынаста болуды, сыйластықты, достықты, адамгершілікті, өмір сүруге құлшыныс сияқты асыл құндылықтарды қатаң сақтауды, қатты ашу мен ызалану барысында орын алатын келеңсіз оқиғалардың алдын алуды біліп, өзара ой-пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.
22 ақпан күні мектептегі 7-8 сынып оқушыларымен жеке адам, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер, өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу» тақырыбында топтық кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды.
23 ақпан күні 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық кездесу өткізілді. Кездесу барысында ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыпты ұстау мақсатында «Бізді баланың болашағы ойландырады» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама барысында оқушылардың психологиялық жай күйіне, денсаулығына, психологиялық түрлі алаңдаушылығына, өмірде кездескен қиындықтарына ата-аналардың қолдау көрсету жолдары түсіндіріліп, сұрақ-жауап жүргізілді.
 Бала тәрбиесінің басты қағидасы қандай ?
 Бала тәрбиесінде қандай қиындықтар кедергі келтіреді?
 Мектепте және мектептен тыс жерлерде өмір мен болашаққа көзқарастарыңды дұрыс қалыптастырушы қандай факторларды білесіз?
 Баланың болашағы жарқын болуы үшін қандай жұмыстар атқарасыз?
Жұмыстың қорытындысы бойынша ата-аналарға баланың өміріне, денсаулығына аса жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарау, өмірдің мәнін терең түсіндіру, сыныбындағы, мектептегі оқушылармен дұрыс қарым-қатынаста болуына, сыйластық, достық, адамгершілік, өмір сүруге құлшыныс сияқты асыл құндылықтарды қатаң сақтап отыруына үйден ықпал жасау, бағыт-бағдар беру, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне бой алдырмауын, қатты ашу мен ызалану барысында орын алатын келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында психологиялық тұрғыда кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Осыған орай ата-аналарға оқушылар түрлі қиындықтарға тап болған жағдайда дер кезінде сынып жетекшісіне, мектеп педагог-психологына хабар беру керектігі тапсырылды.
25-26 ақпан күндері 2-4 сынып оқушылары арасында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Мен талантты жанмын!» тақырыбында ән, би байқаулары өткізілді.
27-28 ақпан күндері 5-11 сынып оқушыларының салған суреттері мен жасаған шығармашылық жұмыстары «Ақ қанат арман» атты тақырыппен көрме ретінде көпшілік назарына ұсынылды.
Ай бойы жеткіншек жастағы оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарының қалыпты болуына психологиялық ықпал жасау барысында анықтау, алдын алу мен ағарту, түзету-дамыту, кеңес беру бағыттарында психологиялық жұмыстар жүргізілді.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ